2015 жылғы 24 ақпан, Астана қаласы
Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағы 41-18) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушы Ж. Қасымбек.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы №169
бұйрығымен бекітілген
Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының жауапкершілік аймағында ұсынылатын аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидалардың талаптарды әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге қатысатын азаматтық авиация кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының барлық лауазымды тұлғалары және авиациялық персоналы орындайды.
3. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі анықтамалар мен терминдер:
1) абсолюттік биіктік – теңіздің орта деңгейінен нүктенің немесе нүкте деп есептелген объектінің деңгейіне дейінгі тік қашықтық;
2) адами фактордың аспектілері - жоспарлау, сертификаттау, кадрларды даярлау, техникалық қызмет көрсету және авиациядағы пайдалану қызметтері процестеріне қолданылатын және адамның мүмкіндіктерін тиісті түрде есептеу арқылы адам мен жүйенің басқа компоненттері арасындағы қауіпсіз қарым-қатынасты қамтамасыз етуге бағытталған қағидаттар;
3) аэронавигациялық ақпарат – әуе кемелрінің ұшуын қамтамасыз ету әуе қозғалысына қызмет көрсету және әуе қозғалысын басқару мақсаттары үшін деректерді жинау, талдау және өңдеу нәтижесінде алынған ақпарат;
4) аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметі - нақты белгіленген әрекет ету аймағында құрылған қызмет, ол әуе навигациясының қауіпсіздігін, тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті аэронавигациялық ақпараттардың деректердің ұсынылуына жауапты;
5) аэронавигациялық деректер - аэронавигациялық нақты деректерді, тұжырымдамаларды немесе нұсқаулықтарды байланыс, түсіндіру немесе өңдеу үшін ыңғайлы формальді тәртіппен баяндау;
6) аэронавигациялық карта - аэронавигация үшін арнайы тағайындалған жер бетінің учаскесі, оның бедері және жасанды құрылыстары бейнеленген шартты бейне;
7) аэронавигациялық ақпараттар жинағы - аэронавигация үшін елеулі маңызы бар ұзақ мерзімді аэронавигациялық ақпаратты қамтитын мемлекет шығарған немесе бекіткен жарияланым;
8) аэронавигациялық ақпарат жинағына қосымша - аэронавигациялық ақпараттар жинағындағы ақпаратқа енгізілетін және жеке парақтарда жарияланатын уақытша өзгерістер;
9) аэронавигациялық ақпараттар жинағында жасалатын түзетулер - аэронавигациялық ақпараттар жинағындағы ақпаратқа енгізілетін тұрақты өзгерістер;
10) аэронавигациялық ақпараттың циркуляры - NОТАМ шығаруды немесе оны аэронавигациялық ақпарат жинағына енгізуді қажет етпейтін, бірақ ұшулардың қауіпсіздігі мәселелеріне немесе аэронавигациялық, техникалық, әкімшілік және заңдық мәселелерге қатысты ақпаратты қамтитын хабарлама;
11) ажырату қабілеті (ажыратымдылық) - қолданылатын өлшенген немесе есептелген мәннің тәртібін анықтайтын бірліктердің немесе цифрлардың саны;
12) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
13) аймақтық навигация - әуе кемелеріне кез келген траектория бойынша радиомаяктік навигациялық құралдардың әрекет аймақтары шегінде және автономды құралдардың немесе олардың құрамдастарының мүмкіндіктерімен анықталатын шектерінде ұшу жасауға мүмкіншілік беретін навигация әдісі;
14) аймақтағы ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктігі - аспаптық метеорологиялық жағдайларда пайдаланылуға тиісті және әдетте паралельдермен және меридиандармен айқындалатын белгіленген аймақ шегіндегі кедергілердің үстінен ең төменгі биіктік қорын қамтамасыз ететін ең төменгі абсолюттік биіктік;
15) ақпарат өнімі - деректер шоғыры немесе ақпарат өнімінің ерекшеліктеріне жауап беретін деректер шоғырының жиынтығы;
16) аспаптар бойынша қонуға кіру схемасы – кедергілермен соқтығысуды болдырмауды көздейтін белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда, қонуға кірудің бастапқы кезеңінің бақылау нүктесінен немесе, тиісті жағдайларда, белгіленген ұшып келу маршрутының басынан бастап, қону орындалуы мүмкін нүктеге дейін, ал егер қону орындалмаған болса, күту аймағында немесе маршрутта кедергілердің үстінен ұшып өту критерийлері қолданылып басталатын нүктеге дейін пилотаждық асаптар бойынша орындалатын алдын ала белгіленген маневрлер сериясы;
17) асып кету – вертикаль бойынша теңіздің орта деңгейінен жер бетінің немесе онымен байланысты объектінің нүктесіне немесе деңгейіне дейінгі арақашықтық;
18) әуеайлақ ауданына келудің абсолюттік биіктігі – радиусы 46 км (25 м. миль) айналым доғасы жармасында орналасқан барлық объектілердің үстінен 300 м (1000 фут) болатын ең төменгі биіктік қорын қамтамасыз ететін, орталығы қонуға кірудің бастапқы кезеңінің бақылау нүктесінде немесе, егер қонуға кірудің бастапқы кезеңінің нүктесі жоқ болса, осы доғаның ұштарын қонуға кірудің аралық кезеңінің нүктесімен қосатын тура сызықтармен шектелген қонуға кірудің аралық кезеңінің бақылау нүктесінде болатын ең аз абсолюттік биіктік;
19) әуеайлақ - әуе кемелерінің толық немесе жартылай келуі, кетуі және сол жазықтықтағы қозғалысына арналған жер немесе су бетіндегі (кез келген ғимараттарды, құрылыстарды және жабдықтарды қоса) белгіленген учаске;
20) әуе трассасы - бақыланатын әуе кеңістігі немесе дәліз түріндегі оның бөлігі;
21) әуеайлақтың бақылау нүктесі – әуеайлақтың географиялық орналасқан жерін айқындайтын нүкте;
22) әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруты – әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында қозғалыс ағынын бағыттауға арналған белгіленген маршрут;
23) әуе кемесіне қызмет көрсету – тиісті жағдайларда ұшу-ақпараттық қызмет көрсетуді, авариялық хабарлауды, әуе кемесіне консультациялық қызмет көрсетуді, әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетуді (аудандық диспетчерлік қызмет көрсету, жақындау кезінде дичпетчерлік қызмет көрсету немесе әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету) білдіретін жалпы термин;
24) әуеайлақтан асып кету – қону алаңының ең жоғары нүктесінен асып кету;
25) әуеайлақтың пайдалану минимумдары – төмендегілер үшін әуеайлақты пайдалануға шектеу қою:
ұшу-қону жолағындағы көріну ұзақтығы және/немесе көріну мәндерімен және қажет болған жағдайда, бұлттылық параметрлерімен белгіленетін ұшып көтерілу үшін;
қонуға дәл кіруді орындау кезінде қондыру және ұшу-қону жолағында көріну және/немесе көрінудің алыстығы және пайдалану санаттарына сәйкес шешім қабылдаудың абсолюттік /салыстырмалы биіктігі мәндерімен белгіленетін қонулар үшін;
қонуға кіруді орындау кезінде қону және ұшу-қону жолағында көріну және/немесе көріну алыстығы және шешім қабылдаудың абсолюттік/салыстырмалы биіктігі мәндерімен белгіленетін тік жазықтыққа дәлдеумен қонулар үшін;
қонуға дәл емес кіруді орындау кезінде қону және ұшу-қону жолағында көріну және/немесе көрінудің алыстығы, төмендеудің ең төменгі абсолюттік/салыстырмалы биіктігі мәндерімен және қажет болған жағдайда бұлттылық параметрлерімен белгіленетін қонулар үшін;
26) база - басқа шамаларды есептеудің басы немесе негізі ретінде қызмет ететін кез келген шама немесе шамалар қатары;
27) бедер - аэронавигациялық карталарда горизонтальдармен, реңктік гипсометриямен, бояу жуумен немесе биіктік белгілерімен берілген жер бетінің тегіс емес жерлері;
28) біріккен аэронавигациялық ақпарат пакеті - пакет мынадай элементтерден тұрады:
аэронавигациялық ақпараттар жинағы, түзетулерін қоса;
аэронавигациялық ақпараттар жинағына енгізілетін толықтырулар;
NOTAM және ұшу алдындағы ақпарат бюллетені;
аэронавигациялық ақпараттың циркуляры;
бақылау тізбесі және қолданыстағы NОТАМ тізбесі;
29) векторлау - әуе кемелерін ӘҚҚ бақылау жүйелерін қолдану негізінде белгілі бір курстарды көрсету арқылы навигациялық бағыттауды қамтамасыз ету;
30) геоид толқыны (геоид биіктігі) - геоид беті мен математикалық тұрғыдан анықталған референц-эллипсоид беті арасындағы қашықтық (оң немесе теріс мағына);
31) геоид - Жердің гравитациялық өрісіндегі теңіздің бекітілген орта деңгейі мен оның материктер алып жатқан жалғасына сәйкес келетін баламалы әлеуетті беті. Жергілікті гравитациялық ауытқулардың салдарынан геоид пішіні дұрыс емес қалыптасқан, сондықтан ауыртпалық күшінің бағыты кез келген нүктеде геоид бетіне перпендикуляр;
32) глиссада - қонуға кірудің соңғы кезеңінде тік бағыттау үшін орнатылған төмендеу пішіні;
33) григориандық күнтізбе – көпшілік қабылдаған күнтізбе; алғашқы рет юлиандық күнтізбемен салыстырғанда тропикалық жылға барынша сәйкес келетін жылды анықтау үшін 1582 жылы енгізілген;
34) дәлдік - есептеу немесе өлшеу мәнінің нақты мәнге сәйкес келу дәрежесі. Тұрған жерді өлшеу дәлдігі, әдетте, нақты тұрған жері анықталған ықтимал дәрежесімен белгіленген шектегі хабарланған жерінен бергі қашықтықпен беріледі;
35) деректер сапасы - ұсынылған деректердің нақтылық, ажыратымдылық және тұтастық тұрғысынан деректерді пайдаланушы қоятын талаптарға жауап бере алатындығының дәрежесі немесе деңгейі;
36) деректер шоғырының жиынтығы - өнімнің бірдей ерекшеліктеріне сәйкес келетін деректер шоғырының жиынтығы;
37) деректер шоғыры - деректердің белгілі бір жиынтығы;
38) деректерді беру желісі бойынша «диспетчер-пилот» байланысы - деректерді беру желісін қолдану арқылы әуе қозғалысына қызмет көрсету мақсатында диспетчер мен пилот арасындағы байланыс құралы;
39) екінші айналымға кету схемасы – қонуға кіруді жалғастыру мүмкін болмаған жағдайда ұстануға тиісті тәртіп;
40) екінші айналымға кету нүктесі – аспаптар бойынша қонуға кіру схемасындағы кедергілердің үстінен биіктіктің ең төменгі қорын қамтамасыз ету үшін екінші айналымға кетудің алдын ала жасалған схемасы бойынша ұшу басталған немесе оған дейін ұшу басталған нүкте;
41) жабын – өсімдіктің салыстырмалы биіктігі ескерілгендегі тақыр Жер;
42) жерге қону аймағы – жерге қонатын ұшақтар ұшу-қону жолағына бірінші жанасуға арналған ұшу-қону жолағының табалдырығының алдындағы учаске;
43) жерге қону мен жер үстінен көтерілу аймағы – тікұшақ жерге қонуды немесе жер үстінен көтерілуді орындай алатын жүктеме түсетін алаң;
44) жергілікті жер – жасанды кедергілерден басқа тау, төбешік, жота, алап, су шоғыры, мәңгілік мұз бен қар тәрізді табиғи элементтері бар Жер беті;
45) жергілікті жердегі кедергілер туралы деректерді есепке алу шегі кедергілер (жергілікті жер) туралы деректер жасау мақсатында қолданылатын белгілі шек;
46) жолдың нүктелері – аймақтық навигация маршрутын немесе аймақтық навигацияны қолданатын әуе кемесінің ұшу траекториясын анықтау үшін қолданылатын нақты географиялық пункт. Жолдың нүктелері төмендегідей белгіленеді:
«флай-бай» жол нүктесі – маршруттың немесе схеманың келесі учаскесіне шығуды қамтамасыз ету үшін алдын ала бұрылуды көздейтін жол нүктесі; немесе
«флайовер» жол нүктесі – маршруттың немесе схеманың келесі учаскесіне шығу мақсатында бұрылуды бастайтын жол нүктесі;
47) жолдың сызығы – әуе кемесінің жер бетіне ұшу траекториясының әдетте бағыты кез келген нүктеде солтүстік бағыттан (ақиқат, магниттік немесе бұрыштық меридиандардан) санап шығарылатын бұрыш градустарымен белгіленетін проекциясы;
48) жұмыс алаңы - әуеайлақтың маневрлеу алаңы мен перроннан (перрондардан) тұратын әуе кемелерінің ұшып көтерілуіне, қонуына және рульдеуге арналған бөлігі;
49) жылжытылған ұшу-қону жолағының табалдырығы – ұшу-қону жолағының басталған жерінде орналаспаған табалдырық;
50) кедергілерді ұшып өтудің абсолюттік биіктігі – ұшу-қону жолағының тиісті шегін асып түсу үстіндегі немесе тиісті жағдайларда кедергілерді ұшып өтудің тиісті критерийлерін сақтауды қамтамасыз ету үшін қолданылатын әуеайлақтан асып түсу үстіндегі ең кіші абсолюттік биіктік;
51) кедергілерді ұшып өтудің салыстырмалы биіктігі - ұшу-қону жолағының тиісті шегін асып түсу үстіндегі немесе тиісті жағдайларда кедергілерді ұшып өтудің тиісті критерийлерін сақтауды қамтамасыз ету үшін қолданылатын әуеайлақтан асып түсу үстіндегі ең кіші салыстырмалы биіктік;
52) кедергілерден бос аймақ – қонуға кірудің ішкі бетінің, ауыспалы ішкі беттерінің және үзілген қону кезінде екінші айналымға кету бетінің және осы беттермен шектелген ұшу жолағы бөлігінің үстіндегі, салмағы жеңіл және аэронавигация мақсатында қажетті берік емес негіздегі ешбір қозғалмайтын кедергі шығып тұрмайтын әуе кеңістігі;
53) кедергілердің үстінен ұшып өтудің ең төменгі абсолюттік биіктігі – белгілі учаскедегі кедергілердің үстінен қажетті биіктік қорын қамтамасыз ететін ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктігі;
54) кедергілерден бос жолақ – ұшақ соның үстінен белгіленген биіктікке дейін бастапқы биіктіктің бір бөлігіне көтерілуі үшін жарамды учаске ретінде таңдап алынған немесе дайындалған, тиісті уәкілетті органның бақылауындағы жер немесе су бетіндегі тік бұрышты учаске;
55) кедергі - барлық жылжымайтын (уақытша немесе тұрақты) және жылжитын нысандар немесе олардың мына жерлердегі бөлігі:
әуе кемелерінің жер бетінде қозғалуына арналған аймақта орналасқан;
ұшып бара жатқан әуе кемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белгілі бір жерде тұрғызылған;
осы жерлер шегінде орналасқан және әуе навигациясы үшін қауіп төндіретін деп бағаланған;
56) кері схема - әуе кемесіне аспаптар бойынша қонуға кіру схемасының бастапқы учаскесінде бағытты өзгертуге мүмкіндік беретін схема. Бұл маневр стандартты бұрылу немесе қонатын сызыққа бұрылуды қамтуы мүмкін;
57) көлденең - бірдей асып түсу нүктесін байланыстыратын картадағы немесе схемадағы сызық;
58) күту аймағындағы ұшу схемасы - әуе кемесіне келесі шешімді күту үшін белгілі бір әуе кеңістігі шеңберінде бола тұруға мүмкіндік беретін алдын ала белгіленген маневр;
59) қауіпті аймақ – соның шегінде белгілі бір уақыт аралығында әуе кемелерінің ұшуына қауіп төндіретін қызмет жүзеге асырылуы мүмкін белгілі ауқымдағы әуе кеңістігі;
60) қонуға кіру мен ұшып көтерілудің соңғы кезеңінің аймағы – үстінен қонуға кіру маневрінен бастап әуеде қалқып тұру режиміне дейінгі соңғы кезең немесе қону орындалатын және ұшып көтерілу маневрі басталатын белгіленген аймақ. Қонуға кіру мен ұшып көтерілудің соңғы кезеңінің аймағы 1-класты ұшу-техникалық сипаттамалары бар ұшақтар пайдаланатын жағдайларда бұл белгіленген аймақ үзілген ұшып көтерілудің орналастырылған аймағын қамтиды;
61) қонуға кірудің соңғы учаскесі – соның шегінде ұшу-қону жолағының жармасына шығу және қонуға төмендеу жүргізілетін аспаптар бойынша қонуға кіру схемасының учаскесі;
62) қонуға кірудің соңғы кезеңі – қонуға кірудің соңғы кезеңінің белгіленген бақылау нүктесінде (немесе нүктесінде) немесе осындай нүкте жоқ болған жағдайда:
егер ондай көзделген болса, «ипподром» үлгісіндегі схемада ең соңғы стандартты бұрылу, қонатын сызыққа бұрылу немесе жақындау жолының сызығына бұрылу соңында; немесе
қонуға кіру схемасындағы жолдың ең соңғы сызығына шығу нүктесінде басталып, әуеайлақ ауданындағы қону орындалуы немесе екінші айналымға кету басталуы мүмкін нүктеде аяқталады.
63) қонуға кірудің соңғы кезеңінің бақылау нүктесі (немесе нүктесі) –аспаптар бойынша қонуға кіру схемасының қонуға кірудің соңғы кезеңінің учаскесі басталатын бақылау нүктесі (немесе нүктесі);
64) қонуға кірудің бастапқы учаскесі – аспаптар бойынша қонуға кіру схемасының қонуға кірудің бастапқы кезеңінің бақылау нүктесі мен қонуға кірудің аралық кезеңінің бақылау нүктесі арасындағы немесе, тиісті жағдайларда, қонуға кірудің соңғы кезеңінің бақылау нүктесі (немесе нүктелері) арасындағы учаскесі;
65) жерге қону алаңы - әуе кемелерінің қонуына және ұшып көтерілуіне арналған жұмыс алаңының бір бөлігі;
66) қонуға кірудің аралық учаскесі – аспаптар бойынша қонуға кіру схемасының тиісінше қонуға кірудің аралық кезеңінің бақылау нүктесі мен қонуға кірудің соңғы кезеңі нүктесінің (немесе нүктесінің) бақылау нүктесі немесе кері схеманың, «ипподром» үлгісіндегі схеманың немесе есептеу әдісімен салынатын жол сызығының соңы және қонуға кірудің соңғы кезеңінің бақылау нүктесі (немесе нүктесі) аралығындағы учаскесі;
67) қонуға визуалды кіру схемасы – визуалды бағдар бойынша қонуға кірудің бастапқы кезеңінің бақылау нүктесінен немесе, тиісті жағдайларда, белгіленген ұшып келу маршрутының басынан бастап, қону орындалуы мүмкін және, егер қону орындалмаған болса, одан кейін екінші шеңберге кету схемасы орындалуы мүмкін алдын ала белгіленген маневрлер сериясы;
68) қонуға дәл кіру схемасы - ILS немесе РАR беретін азимут және глиссада туралы ақпаратты пайдаланаотырып, аспаптар бойынша қонуға кіру схемасы;
69) қосылу мекенжайлары - деректерді әуе қозғалысына қызмет көрсету органына беру желісін қосу үшін қолданылатын орнатылған код;
70) магниттік ауытқу – ақиқат және магниттік меридианның солтүстік бағыты арасындағы бұрыш;
71) маршрут бойынша ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктігі – маршрут учаскесіндегі тиісті навигациялық құралдар мен әуе қозғалысына қызмет көрсету байланыс құралдарының сигналдарын барабар қабылдауды қамтамасыз ететін, әуе кеңістігінің құрылымына сәйкес келетін және кедергілердің үстінен қажетті биіктік қорын қамтамасыз ететін ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктігі;
72) маневрлеу алаңы - әуеайлақтың әуе кемелерінің ұшып көтерілуіне, қонуына және рульдеуіне арналған перроннан басқа бөлігі;
73) метадеректер – деректер туралы деректер;
74) орналасқан жер (географиялық) - нүктенің Жер бетіндегі орналасқан жерін анықтайтын математикалық тұрғыдан анықталған референц-эллипсоид арқылы берілетін координаттар (ені мен ұзындығы);
75) өткелдің абсолюттік биіктігі – әуе кемесінің абсолюттік биіктікте немесе одан төмен тұрған жері тік жазықтықта авбсолюттік биіктік шамасында беріледі;
76) перрон – жолаушыларды отырғызу немесе түсіру, пошта немесе жүкті тиіеу немесе түсіру, май құю, тұрақтау немесе техникалық қызмет көрсету мақсатында әуе кемелерін орналастыруға арналған құрлықтағы әуеайлақ алаңының белгілі аумағы;
77) реңктік гипсометрия – жер бетінен асып кету деңгейін көрсету үшін қолданылатын түстер мен олардың реңктерінің жүйелік градациясы;
78) рульдеу маршруттары – тікұшақтардың түкұшақ алаңының бір бөлігінен екінші бөлігіне жүруінің белгіленген траекториясы. Рульдеу маршруты рульдеу маршрутының осьтік сызығының бойымен өтетін, түкұшақтарды бұруға арналған әуедегі немесе жердегі рульдеу жолы қамтиды;
79) рульдеу жолы – құрлықтағы әуеайлақтағы әуе кемелерінің бұрылуы үшін орнатылған және әуеайлақтың бір бөлігін екіншісімен қосуға арналған белгілі бір жол, оның ішінде:
әуе кемесінің тұрақтағы рульдеу жолағы – рульдеу жолы ретінде белгіленген және тек әуе кемелерінің тұрақ орындарына жақындауға арналған перрон бөлігі;
перрондық рульдеу жолы. Перронда орналасқан және перрон арқылы рульдеу маршрутын қамтамасыз етуге арналған рульдеу жолдары жүйесінің бір бөлігі;
перрондық рульдеу жолы – ұшу-қону жолағымен сүйір бұрыш арқылы жалғанған және қонған ұшаққа басқа шықпа рульдеу жолдарында қол жеткізілетін жылдамдықтарға қарағанда жоғарырақ жылдамдықпен ұшу-қону жолағынан шығып кетуге және соның арқасында ұшу-қону жолағында болу уақытын барынша азайтуға мүмкіндік беретін рульдеу жолы;
80) сапа - меншікті сипаттамалар жиынтығының қойылған талаптарды орындау дәрежесі;
81) сапа менеджменті - ұйымның сапаға қатысты басшылық ету және басқару жөніндегі үйлестірілген қызметі;
82) сапаны қамтамасыз ету - сапаға қойылатын талаптардың орындалатынына сенім туғызуға бағытталған сапа менеджментінің бөлігі;
83) сапаны басқару - сапаға қойылатын талаптардың орындалуына бағытталған сапа менеджменті бөлігі;
84) салыстырмалы биіктік – вертикаль бойынша көрсетілген бастапқы деңгейден бастап, нүкте ретінде қабылданған деңгейге, нүктеге немесе объектіге дейінгі арақашықтық;
85) сектордағы ең төменгі абсолюттік биіктік – пайдаланылуы мүмкін және ортасында негізгі нүкте, әуеайлақтың бақылау нүктесі немесе тікұшақ айлағының бақылау нүктесі орналасқан радиусы 46 км (25 м. миль) шеңбер секторындағы барлық объектілердің үстінен ең төмен дегенде 300 м (1000 фут) артық биіктікті қамтамасыз ететін ең аз абсолюттік биіктік;
86) тежеудің ақырғы жолағы – екпіннің орналасқан ұзындығының соңындағы үзілген ұшып көтерілу орын алған жағдайда әуе кемесін тоқтату үшін жарамды учаске ретінде дайындалған жер бетінің белгілі бір тік бұрышты учаскесі;
87) техногенді орта – жер бетіндегі барлық жасанды құрылыстар, мәселен, қалалар, теміржолдар және арналар;
88) тұрақ орны - перрондағы әуе кемесін қою үшін арнайы бөлінген учаске;
89) тұтастық (аэронавигациялық деректер) - аэронавигациялық деректердің, оларды дайындаған немесе түзету енгізуге рұқсат етілген сәттен бастап жоғалмағанының немесе өзгермегенінің анықталған кепілі;
90) тыйым салу аймағы – әуе кемелерінің ұшуына тыйым салынған мемелекет аумағында немесе аумақтық сулар үстіндегі белгіленген өлшемдегі әуе кеңістігі;
91) тікұшақ айлағы - тікұшақтардың толық немесе жартылай келуі, кетуі және сол жазықтықтағы қозғалысына арналған әуеайлақ немесе құрылыстағы белгілі бір бет учаскесі;
92) ұшу-қону жолағындағы көріну алыстығы – ұшу-қону жолағының осьтік сызығында орналасқан әуе кемесінің пилоты ұшу-қону жолағында үстіндегі таңбалау белгілерін немесе ұшу-қону жолағы шектейтін немесе оның осьтік желісін белгілейтін оттарды көре алатын арақашықтық;
93) ұшу-қону жолағының жанындағы күту орны – ұшу-қону жолағының, кедергілерді шектеу бетін немесе, егер әуеайлақтық диспетчерлік пункттен басқа нұсқаулар келіп түспеген болса, бұрылатын әуе кемелері мен көлік құралдары тоқтап және күтіп тұратын әсер сезгіш/шекті ILS/MLS аймағын қорғауға арналған белгілі бір орын;
94) ұшу-қону жолағының табалдырығы – қону үшін пайдаланылу мүмкін ұшу-қону жолағы учаскесінің бас жағы;
95) ұшу алдындағы ақпарат бюллетені - ұшу алдында дайындалған, айрықша пайдаланылу маңызы бар ағымдағы NОТАМ ақпараты;
96) ұшу-қону жолағы - әуе кемелерінің қонуы мен ұшуы үшін дайындалған құрлықтағы әуеайлақтың белгілі бір тік бұрышты учаске;
97) ұшуды шектеу аймағы - әуе кемелерінің ұшуы белгілі шарттармен шектелген аумақ немесе аумақтық сулар үстіндегі белгіленген өлшемдегі әуе кеңістігі;
98) ұшып келу маршруттары – аспаптар бойынша қонуға кіру схемасында көрсетілген, маршрут бойынша ұшу кезеңі аяқталғаннан кейін әуе кемелері қонуға кірудің бастапқы кезеңініің бақылау нүктесіне шыға алатын маршруттар;
99) ұшу эшелоны - қысымының белгіленген 1013,2 гектопаскаль (гПа) мәніне жатқызылған және басқа да осындай беттерден белгіленген қысым интервалдарының мәніне алыс тұрған тұрақты атмосфералық қысымның беткі жағы;
100) циклдық артық кодты пайдалану арқылы бақылау - деректерді жоғалып кетуден немесе өзгеруден қорғаудың белгілі деңгейін қамтамасыз ететін, деректердің цифрлық мәніне қатысты қолданылатын математикалық алгоритм;
101) электрондық аэронавигациялық картаның дисплейі – қажетті ақпаратты көрсету арқылы ұшу экипаждарына ыңғайлы тәсілмен және уақытылы маршруттарды жоспарлауды, ұшу маршрутын бақылауды және навигацияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін электрондық құрылғы;
102) АSНТАМ - әуе кемелерінің ұшуды орындауы үшін маңызды мәні бар жанартау қызметінің өзгеруі туралы, жанартаудың атылуы және (немесе) жанартау күлінен болған бұлт туралы ерекше пішімде ұсынылған ақпарат қамтылған арнайы сериядағы NОТАМ;
103) NОТАМ - электр байланысы құралдарымен таралатын және уақтылы ескертілген жағдайда, ұшуларды орындаумен байланысты персонал үшін маңызды болып табылатын кез келген азронавигациялық жабдықты іске қосу, оның жай-күйі немесе өзгеруі, қызмет көрсету және қағидалар немесе қауіп-қатер туралы ақпаратты қамтитын хабарлама;
104) SNОWТАМ - қар, мұз, еріген қардан болған батпақ немесе тоқтам су, әуеайлақтың жұмыс алаңындағы батпақ пен мұздың болуынан туындаған қауіпті жағдайлардың орын алғаны немесе оларды жою туралы белгіленген пішімде хабарлайтын арнайы сериядағы NОТАМ.
4. Осы Қағидаларда төмендегідей қысқартылған сөздер қолданылады:
ААҚ – аэронавигациялық ақпарат қызметі;
ӘҚҚ – әуе қозғалысына қызмет көрсету;
РЖ – рульдеу жолы;
ТО – тұрақ орны;
ТСЖ – тежеудің ақырғы жолағы;
ҰҚЖ – ұшу-қону жолағы;
АҰЕ – аспаптар бойынша ұшу ережелері;
AIC – аэронавигациялық ақпарат циркуляры;
AIP – аэронавигациялық ақпарат жинағы;
АМА – аймақтағы ең төменгі абсолюттік ұшу биіктігі;
ARP – әуеайлақтың бақылау нүктесі;
CRC – циклдық артық код;
DA/H – шешім қабылдаудың абсолюттік/салыстырмалы биіктігі;
FATO – қонуға кіру және ұшудың соңғы кезеңі аймағы;
HRP – тікұшақ айлағының бақылау нүктесі;
IAF – қонуға кірудің бастапқы кезеңінің нүктесі;
IF – қонуға кірудің аралық кезеңінің нүктесі;
MAPt – екінші айналымға кету нүктесі;
MDA/H – төмендеудің ең төменгі абсолюттік/салыстырмалы биіктігі;
МЕА – маршрут бойынша ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктігі;
МОСА – кедергілерді ұшып өтудің ең төменгі абсолюттік биіктігі;
MSL – теңіздің орташа деңгейі;
ОСА/Н – кедергілерді ұшып өтудің абсолюттік/салыстырмалы биіктігі;
OFZ – кедергілерден бос аймақ;
PBN – сипаттамаларға негізделген навигация;
PIB – ұшу алдындағы ақпарат бюллетені;
RNAV – аймақтық навигация;
RVR – ҰҚЖ-да көріну алыстығы;
TAA – әуеайлақ маңына ұшып келудің абсолюттік биіктігі;
TLOF – жерге қону және көтерілу аймағы;
UTC – дүниежүзілік үйлестіру уақыты.
WGS-84 – 1984 жылғы дүниежүзілік геодезиялық жүйе.
5. Көлденең жазықтықта есептеу жүйесі (геодезиялық) ретінде аэронаивгациялық ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында 1984 (WGS-84) Дүниежүзілік геодезиялық жүйесі қолданылады. Ені мен бойлықты білдіретін географиялық координаталар (WGS-84) Дүниежүзілік геодезиялық жүйесіне қатысты көрсетіледі.
6. Жұлдызшамен (*) WGS-84 координаталарына өзгертілген географиялық координаталар және осы Қағидалардың 1-қосымшасының талаптарына сай келмейтін геодезиялық түсіру дәлдігі белгіленеді.
7. Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында тік жазықтықта есептеу жүйесі ретінде теңіздің орта деңгейі (MSL) қолданылады.
8. Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында уақытты есептеу жүйесі ретінде григориандық күнтізбе мен дүниежүзілік үйлестірілген уақыт (UTC) қолданылады.
9. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ әуе қозғалысына қызмет көрсету үшін Қазақстан Республикасы жауапты болатын аудандарда ұсынылатын аэронавигациялық ақпараттың дәйекті, сапалы және уақтылы болуын қамтамасыз ету үшін қажет барлық шараларды қабылдайды.
10. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ұсынылатын аэронавигациялық ақпараттың дәйектілігін, дәлдігін және уақытылылығын қамтамасыз етуді бақылайды.
11. Аэронавигациялық ақпаратты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйымының аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметі (бұдан әрі - ААБ қызметі) дайындап, таратады.
12. Көзбен шолып ұшу және аспаптар бойынша ұшу (ұшып шығу, ұшып келу және қонуға кіру) схемаларын әзірлеуді және аэронавигациялық карталарды дайындауды ААБ қызметі жүзеге асырады.
13. ААБ қызметі ұшулардың қауіпсіздігі, тұрақтылығы және тиімді орындалуы үшін қажет ақпараттар (деректер) ағынын қамтамасыз етеді.
14. ААБ қызметі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы өз аумағынан тыс жерлердегі әуе қозғалысына қызмет көрсетеді, жауапты аудандарға қатысты аэронавигациялық ақпараттар мен деректерді алады немесе жасайды, тексереді, жинақтайды, редакциялайды, пішімге келтіреді, басып шығарады, сақтайды және таратады.
15. Аэронавигациялық ақпарат біріккен аэронавигациялық ақпарат пакеті түрінде де, осы пакеттің жекелеген элементтері түрінде де таратылады.
16. Біріккен аэронавигациялық ақпарат пакеті мынадай элементтерден тұрады:
1) AIP, соның ішінде оған енгізілген түзетулер мен толықтырулар;
2) NOTAM және ұшу алдындағы ақпарат бюллетені;
3) аэронавигациялық ақпарат нұсқаухаты;
4) бақылау тізбелері мен қолданыстағы NОТАМ тізбелері.
17. ААБ қызметі Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның «Аэронавигациялық ақпарат қызметтері» 15-қосымшасының және Аэронавигациялық ақпарат қызметтері жөніндегі нұсқаулық (Dос 8126, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі - ИКАО) құжаты) талаптарына сәйкес, біріккен аэронавигациялық ақпарат пакетінің барлық элементтерінің жариялануын қамтамасыз етеді.
18. Тәулік бойғы қызмет көрсету қымтамасыз етілмеген жағдайларда, оны аэронавигациялық ақпарат қызметі әуе қозғалысына қызмет көрсетуге жауапты аудандарда толық ұшу барысында, сондай-ақ ұшу алдында және одан кейін екі сағат ішінде ұсынады. Қызмет көрсету тиісті ұйымның сұрауы бойынша кез келген басқа уақытта ұсынылады.
19. Аэронавигациялық ақпарат қызметтерін ұйымдастыру кезінде, сондай-ақ аэронавигациялық ақпаратты (деректерді) құрастыру, мазмұнын белгілеу, өңдеу және тарату кезінде оларды тиімді пайдалануға әкелетін адами факторлардың аспектілері ескеріледі.
Ақпараттың бүтіндігін ескере отырып, адамдар арасында өзара іс-қимыл жасау талап етілген жағдайларда, және тәуекел факторлары анықталған кезде оларды жою бойынша шаралар қолданылады.
2. Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету тәртібі
Параграф 1. Аэронавигациялық ақпараттар жинағы (AIP)
20. AIP стандартталған электрондық деректерді сақтау мен іздеу мүмкіндігі үшін сәйкестендірілген белгілермен жабдықталған үш бөлімдер, тараулар және бөлімшелермен қамтылған.
21. AIP-тың «Жалпы ережелер» (GEN) 1-бөлімінде әр бөлімінің тиісті орындарында мыналар қамтылған:
1) аэронавигациялық құралдарға,қызмет көрсетуге және процедураларға жауапты құзыретті органның атауы, олар туралы ақпараттар AIP сақталған;
2) халықаралық пайдалану үшін қызмет көрсетуді немесе құралдарды ұсынудың жалпы талаптары;
3) ұлттық қағидалар мен мемлекет тәжірибесі мен пайдаланушыға мемлекет талаптары және ИКАО-ның тиісті талаптары арасындағы айырмашылықты жылдам белгілеуге мүмкіндік беретін ИКАО-ның ұсынылатын тәжірибесінің тиісті стандарттары арасындағы маңызды айырмашылықтар тізбесі.
Схемалар, карталар немесе диаграммалар қажет болған жағдайда, толықтыру үшін немесе кестенің немесе AIP мәтінінің орнына қолданылады.
22. Әрбір AIP дербес құжат болып табылады және кіріспесі болады.
23. Әрбір AIP-та қамтылған немесе басқа көздердегі ақпараттар қайталанбайды.
24. Әрбір AIP-тың күні көрсетіледі. Егер AIP қосымша салынған парақтар ретінде жарияланса, әрбір бетінің күні көрсетіледі. Күні, айы (атауы) және жылы көрсетілген күн ақпараттың жарияланған күні немесе күшіне енген күні болып табылады.
25. Пайдаланушыға жинақ ақпаратының жаңаруына көмектесу үшін AIP сериясының әр бетінің қолданылатын күндерінің соңғы тізбесі үнемі басылып шығарылады. Беттің нөмірі/картаның атауы және соңғы тізбенің шығу күні ең соңғы тізбеде көрсетіледі.
26. Әрбір AIP және қосымша беттер ретінде шығарылатын жинақтың әр бетінде мыналар нақты көрсетілген ескертпелер болады:
1) AIP белгісі;
2) осы жинақта қымтылған аумақ, және қажет болған жағдайда, бұл аумақтың бөліктері;
3) жинақты шығаратын мемлекеттің, атауы, және жинақты басып шығаратын ұйымның немесе органның атауы;
4) беттердің нөмірі/карталардың атауы;
5) егер ақпарат күмән тудырса, дұрыстығының дәрежесі.
27. AIP-қа барлық өзгерістер немесе қайта басылып шығарылған беттердегі жаңа ақпарат ескертпемен нақты көрсетіледі және тіркеледі.
28. AIP-қа енгізілген пайдалану сипаттағы маңызды өзгерістер AIRAC қағидаларына сәйкес жарияланады және AIRAC қысқартуларымен нақты белгіленеді.
29. AIP оларды жаңарту үшін қажетті тұрақты уақыт интервалын сақтап өзгертіледі немесе қайта басып шығарылады.
30. AIP-қа тұрақты өзгерістер AIP-қа түзетулер ретінде жарияланады.
31. AIP-қа әрбір түзетуге жүйеді нөмірде реттік нөмір беріледі.
32. Бас бетті қоса, AIP-қа түзетулердің әрбір бетінде жарияланған күні көрсетіледі.
33. Бас бетті қоса, AIP-қа түзетулердің әрбір бетінде AIRAC сәйкес күшіне енген күні көрсетіледі. Күшіне енген күні 0000 UTC-дан өзге уақыт көрсетілген жағдайларда, бұл уақыт бас бетінде көрсетіледі.
34. AIP-ке түзетулер шығарылған жағдайда, түзетуге енгізілген аэронавигациялық ақпараттың біріктірілген пакетінің сол элементтерінің реттік нөмірлеріне сілтеме қосылады, егер ондайлар болса.
35. AIP-қа түзетулердің бас бетінде түзетулерде қозғалған мәселелер қысқаша түрде көрсетіледі.
36. AIP-қа түзетулер белгіленген уақыт аралығында немесе жариялау күніне сәйкес жарияланбайтын болса, онда бұндай жағдайда, қолданыстағы NОТАМ тізбесін ашық мәтінде ай сайын жариялау арқылы NIL хабарламасы шығарылады және жарияланады.
37. Ұзақмерзімді сипаттағы уақытша өзгерістер (3 ай немесе одан көп) және ауқымды мәтіндік және/немесе графикалық материалдарды қамтитын қысқамерзімді сипаттағы ақпарат AIP-қа толықтырулар ретінде жарияланады.
38. AIP-қа әрбр толықтыруға күнтізбелік жыл бойы кезекпен өсіп отыратын реттік нөмір беріледі.
39. AIP-қа қосымшалардың беттері AIP-та сақталады, олардың мазмұны толық немесе жартылай күшінде қалғанға дейін.
40. AIP-қа қосымшада қате табылған кезде немесе AIP-қа толықтырулардың әрекет ету кезеңі өзгертілген жағдайда, оның орнына AIP-қа жаңа толықтырулар шығарылады.
41. AIP-қа толықтырулар NОТАМ-ның орнына таратылғанда, оған NОТАМ-ның реттік нөміріне сітеме қосылады.
Параграф 2. Аэронавигациялық ақпараттың нұсқаухаты (AIC)
42. АIС мыналарға жауап беремейтін аэронавигациялық ақпаратты тарату қажет болғанда, барлық жағдайларда құрастырылады:
1) AIP-қа енгізуге қатысты осы Қағиданың 2-тарауының 1-параграфында баяндалған талаптарға;
2) NОТАМ құрастыруға қатысты осы Қағиданың 2-тарауының 8-параграфында баяндалған талаптар.
43. АIС мыналарды таратқанда құрастырылады:
1) заңнаманың, ұйғарымның немесе құралдардың кез келген бірқатар өзгерістерне қатысты ұзақмерзімді болжам;
2) ұшу қауіпсіздігіне ықпал ететін нақты түсіндірме немесе консультациялық сипаттағы ақпарат;
3) техникалық, заңнамалық немесе тек әкімшілік мәселелерге қатысты түсіндірме немесе консультациялық сипаттағы ақпарат немесе хабарлама.
44. Осы Қағиданың 43-тармағында көрсетілген ақпаратқа жатады:
1) аэронавигациялық қағидалардың, қызмет көрсетудің және құралдардың маңызды өзгерістеріне қатысты болжамдар;
2) жаңа навигациялық жүйелерді қатарға енгізуге қатысты болжамдар;
3) ұшу қауіпсіздігіне қатысы бар авиациялық оқиғалар/жағдайларды тексеру нәтижесінде алынған маңызды ақпарат;
4) заңсыз араласу актілерінен ха